Бүгін Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында 5 президенттік бастаманы ұсынды:

1) Қол жетімді баспана. Баспана барлық қазақстандық отбасыларға 7-20-25 бағдарламасы бойынша беріледі. Бағдарлама бойынша баспана ипотекасына пайыздық мөлшерлеме 7 %, алғашқы жарна 20 % артық емес, өтеу уақыты 25 жылға дейін ұзартылды.

2) Төмен жалақы алатын азаматтардың салық жүктемесін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап

10 %-дан 1%-ға төмендету.

3) Жастарды сапалы біліммен және жатақханалармен қамтамасыз ету. 2018-2019 жж. 20 мың қосымша грант бөлу, оның ішінде 11 мың грант техникалық мамандықтарға бөлінеді. 2022 жылдың соңына дейін жастарды 25 000 орынды қамтитын жатақханалармен қамтамасыз ету.

4) Микронесиелендіруді дамыту. 20 млрд тенгеге несиелендіруді көбейту көзделген.

5) Газбен қамту. Қазіргі кезде еліміздің 50 % газбен қамтылған, әсіресе оңтүстік және батыс аймақтар. Қалған аймақтарды газбен қамту мақсатында Қызылорда облысының Қараөзек жерінен Жезқазған --- Қарағанды --- Астана газқұбырын салу. Нәтижесінде, аталған аймақтардағы 2 млн 700 мың адам газбен қамтамасыз етіледі. 
#5президенттікбастама #5президентскихинициатив #модернизация#жаңғыру