Кеше аудандық Қоғамдық келісім Кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы, Қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы Ш.Дүйсенғалиева, «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің басшысы, медиатор А.Рахишева, «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің медиаторы Р.Малаева, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық бірлестік төрағалары мен мүшелері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе аудандық қоғамдық келісім Кеңесінің 2017 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы Шынар Сайлауқызы баяндама жасады. Сонымен қатар «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің басшысы А.Рахишева және «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің медиаторы Р.Малаева қоғамдық келісім ұйымдарының маңызы және медиация жөнінде түсінік беріп өтті. Жиналысқа қатысушылар өз тараптарынан ұсыныс пікірлерін ортаға салды.