Дүниеде тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы - әйел-анаға қандай құрмет көрсетілсе де, артық етпейді.

Көктем табиғатымен үйлескен әсемдік пен жылылыққа толы мереке 8 наурыз - әйелдердің халықаралық күні қарсаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сарқұлов тыл ардагерлерін, көп балалы аналарды және әр салада еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерлерді қабылдады.Аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сарқұлов құттықтау тілегін арнап, жиналған нәзік жандыларға құттықтау хат пен гүл шоқтарын және сыйлықтар ұсынды. Аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Г.Ерғалиева мерекемен құттықтап, әннен тарту жасады. Ардагерлер өз кезектерінде алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.