Халықаралық әйел-қыздар мерекесіне орай оздырылған шаралардан "Нұр Шуағы" қоғамдық бірлестігінің де оңалту тобының балалары да қалыс қалмады.

Тәрбиеленушілердің бойына анаға деген мейірімділікті, инабаттылық сынды асыл қасиеттерді бойларына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шарада балалар өз өнерлерін көрсетіп, қолөнер туындыларын аналарына сыйға тартты.