Қазақстан Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып , студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» үшінші бастамасын ерекше ықыласпен қабылдадық.

Елбасы анықтап берген ұтымды ұсыныстар барша қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жаңартып, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған.

Аудан бойынша жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге бұл жағымды жаңалық. Осы оқу жылын аяқтайтын мектеп түлектері үшін Елбасының 20 мың грант бөлу жөніндегі ұсынысы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа эономикада зор сұранысқа ие болатын жаңа мамандық даярлауға мүмкіндік береді. 

Бұл мемлекеттің жастарға деген қамқорлығы. Бұл шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен неғұрлым көбірек қамтуға мүмкіндік береді. 


Аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ергазиева