Көктемнің алғашқы күндерімен қатар келетін көрісу айт мерекесіне орай аудандық орталық алаңда салтанатты шара оздырылды.

Батыс аймағына берік орныққан бұл күнді жергілікті халық асыға күтетін мерекелердің біріне айналды. Шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сарқұлов тұрғындарды мерекемен құттықтады. Ақ жаулықты аналар мен қариялар бұл күні өкпе-реніш ұмытылып, адамдар арасындағы сыйластық нығая түсетін күн екендігін тілге тиек етіп, бата берісті. Аудандық мәдениет бөлімінің әншілері Н.Болат пен Н.Қалешов әннен шашу шашты. Шара соңында қариялар арнайы тігілген киіз үйде ұлттық тағам түрлерінен дәм татып, дәстүрлі ән майталмандары әнмен тарту жасады.