Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Дудар- ай» атты ән байқауы және «Бата беру" қариялар арасында бата беруден аудандық байқаулар оздырылды.

Халық қазынасы, тәрбиенің қайнар көзі, салт –дәстүріміздің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылықтарымыздың бірі-Бата. Ал, «Дудар-ай» қазақ әндерінің құдіретін халық арасында насихаттап, өскелең ұрпақ бойына сіңіріп, тамылжыта орындау. Еліміздің Тәуелсіздігін нығайту оның тұғырлығы мен орнықты өркендеуін қамтамасыз ету, ұлттық құндылығымызды қайта жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған байқаулардың келешек ұрпаққа берері мол."Бата беру" сайысы бойынша: Аудандық мәдениет үйінің аккомпанияторы - Мұхамедов Көпбол Нариманұлы,«Ақ ниет» әжелер алқасының жетекшісі - Сарғозиева Гулзағира Мақұлқызы, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Шуренов Еркін төрелік етіп, І-орын Төлеу Шарифуллин (Қособа ауылы), ІІ-орын Нығметолла Абдуғалиев (Сарой ауылы), ІІІ-орын Ақерке Ажғалиева (Тасқұдық ауылы).Батамызды өскелең ұрпаққа насихаттай отырып,үйретудің бағытын саралау,қаймағы бұзылмаған қазақ өнерінің қадірін жоғалтпай,халық арасында кеңінен танытуға белсене қатысқаны үшін: Ардақ Башаров (Талдыбұлақ ауылы), Дарын Рәш (Жетікөл ауылы), Батырбай Жұмабеков (Жамбыл ауылы), Өтебай Сағидуллин (Жосалы ауылы), Рәш Дарын (Жетікөл ауылы), Асқар Жанғалиев (Тамды ауылы), Әділғали Итолиев(Талдыбұлақ ауылы), Абай Батырханов (Тоғанас ауылы), Алғыс хатпен марапатталды. 

Ата бабамыздан қалған асыл мұрамызды Халық әндерімізді өскелең ұрпаққа насихаттай отырып,үйретудің бағытын саралау,қаймағы бұзылмаған қазақ өнерінің қадірін жоғалтпай,халық арасында кеңінен таныту мақсатында ұйымдастырылған «Дудар- ай» байқауы бойынша:Аудандық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Армат Алдамжаров, Мұхамбет Мамықов. Бағдарлама құрушы маман Айгүл Сейсенова, төрелік етіп, І-орынға Анара Айтакашева (Тоғанас ауылы), ІІ-орынға Гулжамал Ақшолақов (Жосалы ауылы), ІІІ-орын Жанар Галимова (Алғабас ауылы). Әсемгул Қайыржанқызы (Қособа ауылы), Айкүміс Гумирова (Талдыбұлақ ауылы), Нұргұл Мурсалимов (Жамбыл ауылы), Қасымхан Гумаров (Жетікөл ауылы), Айгерім Хамитова (Бұлдырты ауылы), Қызғалдақ Ихсанова (Тамды ауылы), Ақтілек Пионеров (сарой ауылы), Маржан Хамит (Жетікөл ауылы) алғыс хатпен марапатталды.