Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан тауар өндірушілерімен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Халидуллин, БҚО жер қатынастары басқармасының бас маманы Д.Сұлтанғалиев, БҚО жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы Т.Нұрахметов, ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Е.Құрмашев, "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ БҚО филиалы бас менеджері А.Орашев, "ҚазАгроҚаржы" АҚ БҚО филиалының заңгері Б.Жубаниязов, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ БҚО филиалының бас несие менеджері Е.Есенгубеков, "ҚазАгроКепіл" АҚ БҚО филиалының басшысы Д.Салыхов, "Қазақстан фермерлер одағы "ҚБ БҚО бойынша өкілі С.Жарылғапов қатысты.Алдымен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі шаралар мен кооперативтер құру туралы ақпаратпен осы саланың басқарма басшысының міндетін атқарушы Ж.Халидуллин баяндама жасады.Ауданда аграрлық секторды дамытып, экономиканың негізгі күшіне айналдыру басты мақсат екенін атап өтті. Сондықтан мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуде. Ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешені экономиканың басым бағыты және негізгі салаларының бірі болып табылады. Жиналыс барысында шаруа қожалықтарының иелері сұрақтар қойып, мемлекет тарапынан көрсетілетін мемлекеттік бағдарламалар жөнінде түсінік алды.