Бүгін Жымпитыда Наурыз мерекесіне орай ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге келген тұрғындар негізінен сиыр және жылқы етін жақсы саудалады. Осы сияқты, балық, сүт, дәнді дақыл өнімдері, қысқы мал азығы халыққа тиімді бағамен ұсынылды. Жәрмеңкеге Жымпиты, Жетікөл және Сарой ауылдық округтері қатысты.

Айта кетейік, Жымпиты жәрмеңкесі 24 наурыз күні ресми түрде ашылады.