Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылынан «Балалар әлемі» атты жаңа дүкен ашылды.

Дүкеннің ашылуына аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асхат Бисенғалиев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Сырым аудандық филиалының басшысы Айдынғали Балғалиев, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары қатысты.

Дүкеннің иесі Әлия Нұрманованың айтуынша, бұл жерде 1 айлық сәбиге де, 15 жастағы жасөспірімге де арналған киім үлгілері сатылатын болады. Дүкен алдағы уақытта балаларға арналған ойыншықтармен және велосипед, арбалармен толықпақ. 

Әлия Нұрманова 1998 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. 2012 жылы кәсіпкердің «Бақыт» атты ересектерге арналған киім дүкені ашылды. «Балалар әлемі» - Әлия ханымның сәтті жүзеге асқан екінші жобасы. Әлия Нұрманова ауданға тек кәсіпкер ғана емес, қайырымдылық шараларының тұрақты демеушісі ретінде де белгілі. Дүкеннің алғашқы келушілері үшін лоторея ойнатылды.