Жас көшбасшыларды анықтау мақсатында оздырылған «Рухани жаңғыру – жас көшбасшылар көзімен» атты мектеп оқушылары арасындағы облыстық пікір-сайыс турнирі өз мәресіне жетіп, қорытындысында 1 орын - «Империя» фракциясы (Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі)Зинуллин Илан,Қадырбай Нұрсәт,2 орын - «Космос» фракциясы(Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі)Малқайдар Аружан,Миханова Ақнұр,3 орын – «Парасат» фракциясы (Зеленов ауданы)Таджимуратов Бақтыбай,Буранбаева Жанылсын «Үздік спикер» - Меңдіғали Айбек (Сырым ауданы, «Балалар мен жасөсіпірімдер шығармашылық орталығы»)«Үздік төреші» - Тұрлыбай Ержан.

Турнирдің мақсаты мен міндеттері:Астана қаласының 20 жылдық мерекесін атап өтуге үлес қосу, шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты студент жастарды анықтау, ынталандыру,мектеп оқушылары арасында пікір-сайыстың деңгейін көтеру,оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту,Республикалық пікір-сайыс турнирлерінде облыс намысын қорғайтын үздік топты анықтау.Турнир Американдық Парламенттік форматта оздырылды. Алдағы уақыттада туинирлер ұйымдастырылатын болады.


Шара соңында аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ергазива сөз сөйлеп, ұйысдастырушылар тарапынан "Ақиқат" пікір-сайыс орталығына естелік сыйлық пен алғыс хат табыс етті.