Бүгін Сырым Датұлы атындағы аудандық тарихи – өлкетану музейінде музей және аудандық балалар кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен «Көктем келбеті» атты ұлттық – танымдық шара өтті. 

Шараға қатысушы мектеп оқушылары, колледж студенттері, кітапхана оқырмандары және ауыл қариялары, ұлттық бұйымдардан жайылған музейдегі жәдігерлер көрмесін тамашалады. Осы сияқты қазақтың ұлттық киіз үйінің құрылысы да таныстырылды. Кейін «Көктем келбеті» шарасының қатысушылары саумалық айту дәстүріне қатысты. Саумалық айту - қазақы жыл санаумен жаңа жыл туып, көктемнің алғашқы көгі білінгенде жасалатын салттың бірі. 

Аудандық музейдің директоры Айнагүл Ойшыбаеваның айтуынша, дәстүр мен салт туралы ақпарат бергеннен гөрі, оны іс жүзінде орындаған, жұрт болып жаңғыртқан жақсы дейді. «Көктем келбеті» шарасының негізгі мақсаты да сол екен.