Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, Сарой ауылдық округіндегі мәдениет үйінде «Аяулы жас келін» атты аудандық байқауы өтті.

Байқауға: Ізімғалиева Гүлзира Беркітқызы (Жосалы ауылы), Айтжанова Назгүл Кәкімғалиқызы (Талдыбұлақ ауылы), Нәсіпқалиева Мира Жүсіпқызы(Бұлдырты ауылы),Мамбеткулова Маржан Владыкқызы (Жетікөл ауылы, Наурызалиева Ақмарал Нұрлыбайқызы (Алғабас ауылы), Сералиева Нарқыз Қазиденова (Өлеңті ауылы), Бақытжанова Бағдат Нұржанқызы (Аралтөбе ауылы), Құнанова Қалампыр Қуанышқалиқызы (Бұлан ауылы),Қазиханова Файда Қыдырқызы (Тоғанас ауылы), Сүлейменова Алмажай Қубайдоллақызы (Өлеңті ауылы), Бегимова Мөлдір Темірғалиқызы(Қособа ауылы), Нұржанова Гүлназ Арматқызы (Сарой ауылы)қатысты Байқау 5-Кезең бойынша өтті.Сайыс бойынша Дарғожиев Талғат Мұратұлы – «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Сырым ауданы маслихатының депутаты Қазылар алқасының төрағасы. Есмаганова Клара Мәсәлімқызы – Сарой ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы. Абуғалиева Асылай Қалиқызы – Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйінің әдіскері. 2016Жыл Аудандық «Пай-пай қазақтың келіндері-ай» байқауының бас жүлдегері,Облыстық келіндер байқауының дипломанты. Мұхамедов Копбол Нариманұлы – Аудандық мәдениет үйінің аккомпанияторы. Даулова Лаура Жалелқызы – Аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК Жастар бөлімінің меңгерушісі төрелік етті. Ибалы да, инабатты, ақылына көркі сай, он саусағынан өнер тамған, оған қоса табиғи өнерлерімен көрерменді сүйсіндіре білген жас келіндеріміздің арасынан ең мықтыны таңдау әділқазылар алқасына оңайға түспеді.

Байқау бойынша:
«Бас жүлде» Құнанова Қалампыр Қуанышқалиқызы (Бұлан ауылы),
І-орын Нәсіпқалиева Мира Жүсіпқызы (Бұлдырты ауылы),
ІІ-орын Бегимова Мөлдір Темірғалиқызы (Қособа ауылы),
ІІІ-орын Мамбеткулова Маржан Владыкқызы (Жетікөл ауылы),
Ізімғалиева Гүлзира Беркітқызы (Жосалы ауылы) иемденіп, жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.