Наурыз-көп жылдан бері тойланып келе жатырған мейрам.

Наурыз басталысымен-ақ, адамдар бір-біріне деген өкпе-ренішті ұмытып, бауырластық, сыйластық салтанат құратын айтулы ай. Осы мерекеге орай, әр көше тұрғындары киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар дайындап, ұлттық ойындар ұйымдастырды. Алдымен, Алаш Орда көшесіндегі спорт алаңында Датов,Жамбыл, Амангелді, Сейфуллин, Қаратаев, Қолғанатов, Алаш Орда, Әйтеке би, Қажымұқан, Мұхит, Әбілқайырхан, Мендалиев, Маметова, Молдагулова көшелерінің тұрғындары ұйымдастырған Наурыз тойымен басталды. Аудан әкімі Т.Төреғалиев тұрғындарды осынау атаулы мерекемен құттықтады.

Ақ Жаулықты аналар бата беріп, қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты. Ұйымдастырылған ұлттық ойындар яғни, тай жарысы бойынша жүлделі 1 орынды А.Кенжебаев, жүлделі 2 орынды Н.Кенжебаев, жүлделі 3 орынды Н.Кенжебаев, арқан тартыс бойынша жүлделі 1 орынды Өлеңті ауылының құрамасы, жүлделі 2 орынды Қ.Мырзалиев мектебі ұжымының жігіттері, жүлделі 3 орынды көше жастары, қол күресі бойынша жүлделі 1 орынды Т.Қайыржанов, жүлделі 2 орынды Ә.Қайыржанов, жүлделі 3 орынды Т.Тахамбетов, асау үйрету өнерін көпшілік назарына Н.Кенжебаев ұсынып, Т.Қайыржанов демеушілік көрсетті.Белсенді көше комиттері Е.Шуренов, С.Айтанов, Ф.Утеулина және Маметова көшесінің тұрғыны Х.Сүндетке алғыс хатпен естелік сыйлық табыс етілді. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырылып, әлдеқайда арзан бағамен сатылымға қойылды.Айта кетерлігі, бұл шараға мектеп ұжымы, ауыл әкімшілігі және көше комитеттері, аталған көше тұрғындары аса белсенділікпен қатысты.Аталған көше тұрғындары мүмкіндігі шектеулі жанға қамқорлық көрсетіп отырған Граф Алексейге ет, азық-түлікпен көмек көрсетті. Бұл шара дәстүрлі түрде өткізіліп тұрса деген халықтың игі ниеттері бар.