Амангелді, Датов, Сейфуллин, Қазақстан, Досмұхамедов, Жұмағалиев, Есенжанов, Абай, Шоқанов, көшелері тұрғындары да бұл шарадан қалыс қалмады.

Қадыр алаңында көше тұрғындары және Сырым колледжі қызметкерлері ұжымы ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырып, дәстүрлі әннен шашу шашты.Ұйымдастырылған ойындардың қорытындысы бойынша Кір тасын көтеруден жүлделі 1 орынды Д.Утегенов, жүлделі 2 орынды Т.Умбетьяров,жүлделі 3 орынды Д.Мағрашев,қол күресінен жүлделі 1 орынды С.Аубкаиров , жүлделі 2 орынды Д.Утегенов, жүлделі 3 орынды Д.Мағрашев,арқан тартудан жүлделі 1 орын Шоқанов көшесі,жүлделі 2 орынды Сейфуллин көшесі,жүлделі 3 орынды Абай көшесі иемденді. Сонымен қатар бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, әлеуметтік жағдайы төмен 3 отбасыға азық-түлік берілді.