Ұлыстың ұлы күніне орай "Балдырған" балабақшасының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері "Қош келдің әз-Наурыз" атты мерекелік концерт өткізді.

Шара барысында ақ жаулықты аналар бесікке салу рәсімін көрсетті. Бүлдіршіндер өлең айтып, салт-дәстүрлеріміз жайында әдемі әңгіме тыңдады. Ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа жеткізу, сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шараның берері мол.