Аудандық "Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы" МКҚК-ның өнерлі балалары 2018 жылдың 20-22 наурыз күндері VI Халықаралық "Музыка весны" фестиваль-байқауына қатысу үшін Астана қаласына келдік.

Астана бізді жақсы ауа-райымен бірге 20 жылда жасалған арналған түрлі көз қызығарлық архитектуралық құрылыстарымен қарсы алды.Сонымен қатар Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай өтіп жаткан шаралар оны одан сайын әдемілендіре түскендей. Фестивальге қатысам деген еліміздің қалалары мен көрші Омск,Челябинск және Саратов қалаларынан келген шетінен өнерлі 60 әнші мен бірге 34 би ансамбльдерін жаңа " Оқушылар сарайы " өнерлерін ортаға салу үшін қарсы алды. Байқаудың тартысты өткені соншалық М.Т.Даулетбак, А.К.Кульбекова сиякты Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткерлері, профессор атақтары бар әділ-қазы мүшелері байқауға қатысу үшін бақтарын сынаған оқушыларға шынайы бағасын беріп отырды. Біз өз өнерлерімізді ортаға салдық."Вокал" номинациясы бойынша орта топтан жерлесіміз Закина Аруна (жетекшісі К.Рахметов) 2орын алса, "Хореография" номинациясы бойынша "Аружан"би ансамблі (жетекшісі А.Саргузиева) жүлделі 1 орын алдық.Айта кетерлігі 94 қатысушының ішіндегі жалғыз ауылдық жерден қатысып тұрған біздер екенбіз,қалған қатысушылар қаладан келгендер. Осы қатысушыларға қарап біздің алып жатқан біліміміз бен тәрбиеміз облыс, республика тіпті халықаралық деңгейде екенін түсіндім. Осындай дәрежеге жетуімізге қол ұшын берген аудан әкімшілігіне, білім саласындағы барлық басшыларға және ата-аналарымызға байқауға қатысушылар атынан алғысымыз шексіз. Қолдауларыңызды сезінген әрбір бала өзім сияқты елге жүлдесіз қайтуға болмайтынын,өнерде шек жоқ екенін сезінді деп ойлаймын.

Сәкен Ақторғын.

Аудандық"Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы" МКҚК-ның "Аружан"би ансамблінің тәрбиеленушісі