Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында зейнетақы қорының сақталуы жөнінде аудан активіне жиналыс өтті.

 

Жиналысқа аудан әкімі Т.Төреғалиев, "БЖЗ" АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары Г.Рашева, "Азаматтарға арналған Үкімет" МК КЕ АҚ филиалы -"ӘТВЕО" БҚО бойынша департаменті директорының орынбасары Р.Ибраева қатысты. Жалпы қазір салымшылардың жинақтары біріңғай оператордың жауапкершілігінде. Мемлекеттің кепілдігін алу құқына зейнеткерлер зейнет жасына толған сәтте ие болады. Сонымен қатар, мұндай кепілдік І и ІІ топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген азаматтарға, Қазақстаннан тысқары елдерге тұрғылықты өмір сүруге кеткендерге, міндетті кәсіби зейнетақы жинақтарын аударып тұрған шет елдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға елден біржола кеткен шақта беріледі. Мемлекеттік кепілдікке құқы бар азамат қайтыс болса, оған тиесілі өтемақы мұрагерлерінің еншісіне өтеді. 

 

Мемлекет кепілдігін алу үшін «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есептеу орталығына тұрғылықты мекен-жайы бойынша арыз жазу керек. Әрбір алушыға тиесілі сома арнайы жасалған әдістеме бойынша жеке есептеліп, оның банк шотына аударылады.Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) мемлекеттік бюджет есебінен төленеді.Райхан Мұратқызы өз сөзінде өздерінің Зейнетақымен қамту саласындағы құқықтары, мүмкіндіктері, зейнетақы жинақтарының көлемі, шоттарының жай-күйі туралы білгісі келетін азаматтар үшін БЖЗҚ әрбір тоқсан сайын Ашық есік күндерін өткізіп тұратындығын атап өтті.Сонымен қатар, Қордың сайты, әлеуметтік желілердегі аккаунттары, байланыс орталығы арқылы да кеңес алуға болады. Жұртшылыққа зейнетақы жүйесінің жұмысын кеңірек түсіндіру үшін Қор мамандары кәсіпорындар мен мекемелерде көшпелі таныстырылымдар өткізіп тұрады. Бұл шаралар Қор жұмысының сапасын көтеруге, ашықтығын қамтамасыз етуге, осы арқылы қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған. Жиналыс барысында сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.


Мархат Тұрланқызы