Жалпыаудандық сенбілік нәтижесінде аудан орталығы қыстан кейін жаңарып қалды. Таңертеңгі сағат 9-дан бастап әр мекеме қызметкерлері сенбілікке қатысып, өздеріне бөлінген аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып ортақ үйіміздің әсемденуіне бір кісідей атсалысты.

Шынымен-ақ, жалпыаудандық сенбілік басталысымен жер-жерде қарқынды түрде тазалық жұмыстары атқарылды. Ірі-ірі мекемелердің аумақтары қоқыс-қалдықтардан тазартылды. Алдағы уақытта да сенбіліктер жалғасын табатын болады.