Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 25-30 наурыз күндері Қостанай қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының IV кезеңі өтті.

Қостанай қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан тарихы пәнінен ЖББ Қ.Мырзалиев мектебінің 10 сынып оқушысы А.Закина жүлделі І орынға, Қазақстан тарихы пәнінен ЖББ Жырақұдық ОМ 11 сынып оқушысы Нурпейсов Орынбек ІІІ орынға иеленсе, құқық негіздері пәні бойынша ЖББ Қ.Мырзалиев мектебінің 11 сынып оқушысы Ә.Ұлұқпанова алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпаз атанғар оқушыларымызға алдағы уақытта білім шыңын бағындыра берулеріне тілекшіміз!