Ұлым Тольбаев Азат 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырған аудан әкімінің «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік шараға қатысқанына өте қатты ризамын.

Себебі мектеп оқушыларына арналған аудандық мерекелік шара салт-дәстүрді жаңғырту бағытында ұйымдастырылған. Шарада барлық оқушылар ұлттық киімдер киіп, мерекедегі салт-дәстүрлер мен ойындарға қатысты және шара барысында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев оқушыларға құттықтау сөзін айтып, балаларға сыйлықтарын ұсынды. Қазақтың оюлы қоржынында балама арналған спорттық киім мен тәтті сыйлықтар болды. Балам мерекелік шарадан үлкен қуанышпен келді. Осындай тәрбиелік маңызды шара жыл сайын өз жалғасын тауып ұйымдастырыла берсін. Мерекелік шараға қолдау көрсеткен аудан әкіміне шексіз алғысымды білдіремін.

Шарипова Бақыт Серғазықызы