Сырым ауданында өткен игі шараның бірі аудан әкімінің балаларға арналған «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты наурыз тойы.

Мақсат жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру. Бұл Батыс Қазақстан өңірі бойынша Сырым ауданында алғаш рет өткізіліп отырған шара. Ауданның әр округінен 100 оқушы қатысып, оқушылар ұлттық тағамнан дәм татып, балаларға тәттілер мен спорттық киімі бар қоржын сыйға тартылды. «Наурыз» думан атты мерекелік бағдарламасы, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінен көрініс көрсетіліп балалар дән риза болды. Наурыз тойына оқуда озат, өнерлі,әлеуметтік жағдайы әлжуаз жанұядан шыққан балалар және ерекше жағдайда білім алатын оқушылар қатысты. Осы наурыз мерекесі өте жақсы деңгейде өтіп, балалардың бойында өз ұлтына, өз еліне деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімінің қалыптасуына үлкен себеп болды. Болашақта жаңа жыл мерекесінен көрі өзіміздің ұлттық құндылығымызды дәріптейтін Наурыз мерекесі осы бағытта тойлнса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Жақсы бастама жалғасын тапсын!

Абай орта мектебінің директоры Т.Е.Турегалиева