Күні кеше Астана қаласында "Жас Отан"Жастар қанатының IV сьезді өткен болатын. Біздің ауданнан "Жас Отан"жастар қанатының аудандық филиалының және "Сырым жастары" ЖҚБ төрағасы Нұртілеу Болат қатысып келген болатын.

Осыған орай Нұртілеу Жеңісұлы ауданның белсенді жастарын, студенттерімен бас қосып, сьезден алған әсерімен бөлісті. Сьезде алдымен Ақжайық жастары бас қосып, туған елдің сәлемін жеткізсе, екінші күні пікірсайыс ұйымдастырылып, жастар елдегісоңғы саяси өзгерістерді саралап, қолдайтындықтарын білдірген. Аталган жиынға көршілес Қаратөбе ауданынан, Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Э.Амантаев, Қаратөбе аудандық "Жас Отан" Жастар қанатының аудандық филиалының төрағасы М.Амантаев және "Мұхит жастары" ЖҚБ төрағасы М.Амангелдиев қатысты. Жастар бас қосқан жиында Сырым және Қаратөбе аудандарымен бірге өткізілетін шаралар талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Атап айтсақ, жастар алдағы ұйымдастырылатын шараларда ұлттық ойындарымызды насихаттау бағытында ат жарысы, аударыспақ, асық ату сынды ойындар ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді. Сонымен қатар Нұртілеу Жеңісұлы өз сөзінде шағын және орта бизнесті дамытып, кәсіпкерлікті дамытуға жастарды баулу мақсатында көптеген жобалар мен бағдарламалардың қабылданып, іске асатындығын атап өтті. Шара соңында аудан белсенділері, яғни мемлекеттік жас қызметкерлерді, әр саладағы жас мамандарды және студенттер мен еріктілерді "Сырым жастары"жастар қоғамдық бірлестігіне мүшелікке қабылдап, арнайы төлқұжат пен төсбелгі табыс етілді.