Бүгін Сырым ауданының орталығында аудандық мешіттің және «Сырым» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен «Әдемі әуезді азаншы» атты азаншылардың аудандық сайысы өтті. Аталған орталықтың төрағасы Ержан Жұмағожиевтің айтуынша, азаншылар сайысын ұйымдастырудағы түпкі мақсат – жергілікті жамағатты бірлікке шақыру екен.

Азаншылардың дауыс әуезі мен діни білімін аудандық мешіттің бас имамы Нұрсұлтан Беков, найб имам Ғабдолла Оңаев және ұйымдастырушы орталықтың төрағасы, теолог Ержан Жұмағожиев бағалады. Қазылардың шешімімен Дархан Мағрашев сайыстың жеңімпазы атанды. Кейінгі орындарды Дархан Хамзин мен Нұрлыбек Байниязов бөлісті. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге, сосын жалпы қатысушыларға аудандық мешіт және «Сырым» деструктивтивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының атынан естелік сыйлықтар берілді. 
Жүлдегер атанған азаншылар Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында өтетін облыстық азаншылар байқауына жолдама алды.