Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы Сырым колледжы студенттері мен ұстаздары арасында дөңгелек үстелде талқыланды.

Колледж ұстаздары әлемдік деңгейдегі 100 жаңа оқулықты қазақ тілінде сөйлету игі іс екенін, сапалы аударылған оқулықтарға қазақ қоғамы шөлдеп қалғандығын атап өтті. Рухани қазынамызға өлшеусіз үлес қосар мұндай кітаптар өскелең ұрпақтың білімін толықтыра түсетіні сөзсіз. Атап өткеніміздей, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтың 18-і аударылып бітті. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, дінтану, журналистика бағыттары бойынша аударылған. Оқулықтардың әрқайсысы 10 мың данамен басылып, жоғары оқу орындары мен кітапханаларға таратылмақ.