Бүгін Сырым ауданы бойынша «Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» республикалық акциясы аясында 2700 түп ағаш көшеті отырғызылды.
Сырым аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиевтің айтуынша, ағаш егу шарасы тек аудан орталығы Жымпиты ауылын ғана емес, ауданға қарасты қалған округтердің орталықтарын да қамтыған. Егілген көшеттердің ішінде қарағай, көктерек және жеміс ағаштарының түптері бар. 
Ағаш егу шарасымен қатар бүгін ауданда ұжымдық сенбілік өтуде.