Сырым ауданында ересектер арасында «Сырым барысы» атты аудандық іріктеу турнирі өтті. Турнирге аудан орталығы мен ауылдық округтердің жас спортшылары қатысып, бақ сынады. Айта кетерлігі, аудан жастарының қазақ күресіне деген қызығушылықтары басым екендігін аңғардық. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау бағытында ұйымдастырылған бұл шараның келешек ұрпаққа берері мол екендігі айтпаса да белгілі. Жалпы біріншілікте 55 кг салмақ дәрежесі бойынша жүлделі 3 орынды Ж.Андиров, жүлделі 2 орынды Қ.Ғалымжанов, жеңімпаз М.Қуанышев, 60 кг салмақ дәрежесі бойынша жүлделі 3 орынды Е.Рамазанов, жүлделі 2 орынды А.Хабиев, жеңімпаз Н.Сүйіншалиев, 66 кг салмақ дәрежесі бойынша жүлделі 3 орынды Ы.Нәсіпқали, жүлделі 2 орынды А.Қуанай, жеңімпаз Н.Мағзомов,74 салмақ дәреесі бойынша жүлделі 3 орынды М.Гумаров, жүлделі 2 орынды О.Нурғалиев, жеңімпаз А.Орынбасаров,82 кг салмақ дәрежесі бойынша жүлделі 3 орынды Қ.Өтепов, жүлделі 2 орынды Т.Габбасов, жеңімпаз Е.Бекболсынов, 90 кг салмақ дәрежесінде жүлделі 2 орынмен А.Хангужин, жеңімпаз С.Аманов атанса, «Түйе палуан» яғни, 90 кг – нан артық салмақ дәрежесінде 3 орынды С.Жубанов, жүлделі 2 орынды Е.Абдуғалиев иемденіп, жүлделі 1 орынды және «Сырым барысы» атағын Н.Габбасов қанжығасына байлады. Айта кетейік Нұрымжан Серікұлы үшінші мәрте «Сырым барысы» атануда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен, медальдармен марапатталды.