Сырым аудандық мешітінің жамағаты Дарxан Мағрашев Ақсай қаласында өткен "Әдемі әуезді азаншы" атты облыстық азан айту сайысында ерекше әуезімен көзге түсіп жүлделі 2 орын алды. Дипломмен қатар 15000 теңгенің сертификаты мен бағалы сыйлыққа ие болды. Аталмыш сайыста ынталандыру сыйлығымен марапатталған Батырxан мен Азамат есімд і жамағатымызда құр қайтпай алғыс xатқа ие болды.