Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған велошеру Бүгін аудан орталығында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай "Қайсар" спорт клубының ұйымдастыруымен жыл сайынғы үрдіспен велошеру өтіп, мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары қатысты. Велошеру Жымпитыға кіреберістен басталып, Алашорда, С.Датұлы, Амангелді, Қазақстан көшелері бойымен жүріп өтті. Орталық алаңға жиылған велошерушілерді Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Сәрсенов Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Велошеруге қатысушылардың нөмірлері бойынша ұтыс ойнатылды. Ұтыс сыйлықтарын «Қайсар» спорт клубының директоры Бауыржан Ихсанов табыс етті.