5 мамыр күні аудандық "Жас туристер станциясы" мекемесінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні жəне Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған үйірме оқушылары арасында вело туризм техникасынан жарыс ұйымдастырылды. Шараға орталықтың үйірме тəрбиеленушілерінен барлығы 40 оқушы қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай "Кіші", "Орта", Үлкен" топ бойынша бақтарын сынады. Қорытындысында белсене қатысып, жүлдегер мен жеңімпаз атанған оқушылар арнайы диплом жəне медальмен марапатталса, ең жас қатысушы екі ер жəне екі қыз балаға аудандық "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық" мекемесі атынан бағалы сыйлық табысталды.5 мамыр күні аудандық "Жас туристер станциясы" мекемесінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні жəне Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған үйірме оқушылары арасында вело туризм техникасынан жарыс ұйымдастырылды.