Ағымдағы жылдың 11 мамыр күні аудан орталығында мүмкіндігі шектеулі азамат(азаматшаларға) мемлекеттік қызмет көрсету туралы семинар оздырылды. Семинарды өткізуге облыстан Казиева Айгуль Талгатовна – Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкері, Габдрахманова Шынар Төлегеновна - Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің факультет деканы, Сарсенова Саида Азаматовна – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы, Ибрашев Бауыржан Сагидуллиевич – Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттіке қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы арнайы келді. Семинарға аудандық дербес бөлімдермен оларға қарасты ведомствалық бағынысты ұйымдардың жауапты мамандары қатысты. Семинар барысында мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасының денгейі тиісті дәрежеде болуы атап көрсетілді. Сонымен қатар семинарға қатысушылар қажетті сұрақтарға жауаптарын алды. Осындай семинарлардың өтуі мемлекеттік қызметтің дәрежесін көтеруге бірден бір ықпал ететіні сөзсіз. Қ.Ишангалиев