Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ мүшелері «Парасыз болашаққа! Бірге!» ұранымен Жетікөл және Сарой ауылдық округтеріндегі мекеме ұйымдардың қызметкерлерімен және тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуде аудан әкімі аппаратының басшысы, топ жетекшісі Е.Сарсенов, аудандық мәслихат хатшысы, қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы, топ мүшесі Ш.Дүйсенгалиева сөз сөйлеп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді. Мобильді топтың басты мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру, соның ішінде, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Кездесу барысында мобильдік топ мүшелеріне сұрақтар қойылып, тиісінше нақты жауаптар алынды. Сондай – ақ, Елбасы жыл сайынғы халыққа Жолдауында негізгі басымдықты – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты анықтап, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екендігін атап өтті. Мемлекеттік бақылау және қоғамды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен ақпараттандыру мобильдік топтың негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Кездесу соңында қатысушыларға қажетті ақпараттар жазылған жаднамалар таратылды.