Кеше, Қазақстан Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан құрылған дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Сырым ауданына болып, Бұлдырты және Жымпиты ауылдарының әйел жамағатымен жүздесті. "Қоғамдық процестерді талдау және зерттеу орталығы" қоғамдық қорының атқарушы директоры, дінтанушы Мұстафина Толғанай Уағызқызы мен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің әйелдер секторының меңгерушісі, теолог Аxметова Гүлжамила Ермаxамбетқызы дәстүрлі дін мәселелері жөнінде кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізді.