Кеше, Қасиетті Рамазан айының құрметіне аудандық мешіттің ауласына киіз үй тігіліп, аудан мешіті жамағатының және "Сырым" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" қоғамдық бірлестігінің бастамасымен алғашқы ауызашар берілді. Ауданымыздың ораза ұстаушы азаматтарына Рамазан айының соңғы күніне дейін аудан орталығындағы мекемелердің ауызашар ұйымдастыруы жыл сайынғы дәстүрге айналған. 
Оразаның алғашқы күнінде ауызашардан кейін аудандық мешітте жамағат арасында салт-дәстүріміз бен шариғатқа байланысты викториналық жарыс өтіп, жеңімпаздарға "Сырым" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" ҚБ-нің арнайы дорбалары және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының рұқсаты берілген діни кітаптар сыйға тартылды. 
Сонымен қатар, биылғы жылы аудан мешіті жамағатының қолдауымен "Жақсылықпен жарысайық" ұранын ту еткен такси қызметі аудан тұрғындарын Рамазан айының соңына дейін тегін тасымалдайтын болады.