Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2013 жылдан "Мерейлі отбасы"байқауы ұйымдастырылып келеді. Осы орайда аудандық мәдениет үйінде аталған байқаудың аудандық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Мерейлі отбасы бұл - береке-бірлігі, тәлім-тәрбиесі қалыптасып, қағидасы мен асыл қасиеттері арқылы өзгеге өнеге болар шағын мемлекет іспеттес. Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға бағытталған байқаудың аудандық кезеңіне 12 отбасы қатысып, бақтарын сынады. Қатысушы отбасылар арнайы көрмеге ата-бабаларынан қалған көне дүниелерді ұсынып, тарихымен таныстырып өтті.

Бүгінгі шарада алдымен аудан басшысы Төлеген Серікқалиұлы сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" демекші, қорытынды бойынша жүлделі 3 орындармен Бұлан ауылдық округінен қатысқан Молдашевтар отбасы, Қособа ауылдық округінен Нұрғалиевтер және Бұлдырты ауылдық округінен Бахтияровтар отбасы, жүлделі 2 орынға Жымпиты ауылдық округінен қатысқан Батыргереевтер отбасы, жүлделі 1 орынды Жетікөл ауылдық округінен Хасановтар отбасы қанжығаларына байлады.Сонымен қатар "Өнегелі отбасы"аталымына Елтай ауылдық округінен Үкиевтер отбасы, "Заманауи отбасы" аталымына Алғабас ауылдық округінен Демеуовтер отбасы, "Рухани отбасы" аталымына Аралтөбе ауылдық округінен Байназаровтар отбасы, "Өнерлі отбасы" аталымына Жосалы ауылдық округінен Қылышбаевтар отбасы, "Үлгілі отбасы"аталымына Шолақаңқаты ауылдық округінен Айтакашовтар отбасы, "Парасатты отбасы" аталымына Талдыбұлақ ауылдық округінен Хамидуллиндер отбасы, "Спортсүйер отбасы" аталымына Сарой ауылдық округінен Кенесариндер отбасы марапатталды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.