Бүгін Жымпитыдағы Алаш саябағында 31 – мамыр қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шара өтті.

Бұл атаулы күннің арғы мәні тәуелсіздік идеясымен байланысты екені анық. Отанын сүйгені үшін ғана қуғынға ұшырағандардың есімін еске алумен шектелмей, ісін жалғастыру – бүгінгі буынның қасиетті парызы. Шарада сөз сөйлеген Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, С. Датұлы атындағы тарихи – өлкетану музейінің директоры Айнагүл Ойшыбаева осы бағыттағы ойларын айтты.

Жымпиты халық театры Алашорда қайраткерлерінің жанкештілігін баяндайтын «Мен жастарға сенемін!» атты театрландырылған қойылым көрсетті.
Шарадан кейін жымпитылықтар саябақ ауласындағы саяси – қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.