Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпитыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараның салтанатты ашылуында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Өркен Әменов сөз сөйледі.

Жәрмеңкеде 23 мекеме 109 бос жұмыс орынын ұсынды. Ұсыныстардың көбі бюджеттік салалар мен шаруашылық құрылымдардың тарапынан түскен.

Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Едіге Өтептің айтуынша, жәрмеңкенің қорытындысында 6 адам тұрақты және 4 адам уақытша жұмысқа орналасыпты. Осы сияқты, 30 адам кәсіптік техникалық оқуға, ал 6 жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша машықкерлікке жолданған.