Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының сапары түстен кейін "Жібек жолы" шаруа қожалығында жалғасты. Олар бұл жерде атқа мініп, түйе мен сиыр сауу, бие сауу, қой қырқу, қи шығару сияқты шаруашылықтағы маусымдық жұмыстарды көрді.

"Жібек жолы" ШҚ - өңірдегі асыл тұқымды ірі қара өндірісімен айналысатын шаруашылықтардың бірі.