Мобильдік топтың құрамында: топ жетекшісі аудандық аппарат басшысы Е.Сарсенов, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ө.Бектенов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ө.Әменов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Д.Кажиахметов, аудандық мешіттің бас имамы Н.Беков. «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог Е.Жұмағожиев бар. Топтың мақсаты: сыбайлас -жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет салаларындағы заңнамалардың, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және азаматтарды толғандыратын аса маңызды проблемалар мен әлеуметтікэкономикалық мәселелерді айқындап шешу. Кездесуден соң, әр мекеме басшылары қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.