Бүгін Бұлан ауылдық округінде «Достық» аудандық балалар лагерінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Т.Төреғалиев арнайы қатысып, балаларға көтеріңкі көңілкүй мен жақсы демалыс тіледі. Әр ауысым бойы балалар облыс орталығына және ауданымыздың әсем жерлеріне саяхатқа шығатын болады. Ашылу салтанатының ұйымдастырылуына ұйытқы болып отырған аудандық білім беру бөлімі әдіскерлері, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының және жас туристер мектебінің педагог-тәлімгерлері. Аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры Айнұр Жәрдемқызының сөзіне сүйенсек, балаларға демалыс кезінде түрлі ойындар, әр түрлі қызықты жарыстар ұйымдастырылып, балалардың уақыты тиімді өтетін болады. Аталған шара лагерь демалушыларының концертіне ұласты.