Шілде айының ортасына дейін Өлеңті ауылының кіреберісіндегі 1 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталады. Мердігер "Ануш Құрылыс" ЖШС директорының орынбасары Оганес Минасян облыс әкімі Алтай Көлгіновке осылай деп мәлімдедіӨңір басшысы жергілікті билік пен мердігерге құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.