Сырым ауданындағы Бұлдырты ауылдық округінде жаңа су желісінің құрылысы басталғаны туралы әуелде хабарлаған болатынбыз. Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның қазіргі құны 324 млн – ді құрайды. Жобаның орындалуына жауапты мердігер «Жиенбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты. Жаңа су жүйесі арқылы 2500 тұрғын ауыз сумен қамтылады.