Бүгін Аралтөбе орта мектебінде 10 сыныпты бітіруші жасөспірімдер үшін өткізілетін 5 күндік далалық оқу – жаттығу жиынының ашылу салтанаты оздырылды. Жиынның салтанатты ашылу шарасына аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Д.Тайшиев және білім беру бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Д.Кажиахметов, алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары қатысты.

Биылғы жиынға қатысушы жалпы білім беретін 13 мектептен жиналған 80 оқушы 5 күн ішінде алғашқы әскери дайындық пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолданатын болады.Сонымен қатар әр роталар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, шеберліктері сыналып, оқушылардың қатысу белсенділіктерімен үлгерімі бойынша бағалау нәтижелері шығарылатын болады.Жиынның ашылуы барысында роталар саптық дайындықтарын көрсетіп, әскери әндер шырқалды.