Қособа орта мектебінің 2008 жылғы түлектері мектеп бітіргендеріне 10 жыл  толуына орай ауылға шағын спорттық гимнастикалық алаң салып беріп, күні кеше ашылуы өтті.Ашылу салтанатының лентасын ауыл әкімі Жұмабай Асфендиярұлы мен білім беру саласының үздігі, ардагер спортшы Серікбай Әлмырзаұлы қиды. Жалпы алаңның құрылысы 250 000теңге қаржыны құрайды. Аталған шара барысында кермеге тартылудан және қол күресінен жарыстар ұйымдастырылып, кешкісін ораза тұтушы ауыл үлкендеріне арнап ауызашар дастарханы жайылды.