Бүгін «Нұр Отан» партиясы, Сырым аудандық прокуратурасы, Әділет басқармасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы, ішкі істер бөлімі және дербес бөлімдермен бірлесе «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Гумаров, Сырым ауданының прокуратурасының аға прокуроры Руслан Қырықбаев және басқа да бөлім басшылары қатысты.

Аудандық Әділет басқармасының басшысы Нұрлы Қайыржанова сыбайлас жемқорлыққа негізінен лауазымды қылмыстар жататынын, жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық дамуға, елдің даму болашағына айтарықтай кері әсер ететінін айтты. Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бөлім басшысы Бақыт Разиева жең ұшынан жалғасқан індетпен күресу Елбасының Жолдауларында айтылып келетінін, сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқанын, оны түбегейлі жою үшін жұмыла күресу қажет екенін сөз етті. Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің полиция подполковнигі Ерлан Журалиев бұл күнде өзекті болып отырған жемқорлық мәселесін болдырмау жөнінде айтты.  Сырым аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жолдыбай Батырниязов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мұса Шалабаев, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Өтеген Уашев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Досжан Тайшиев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ғабит Жасталап өз салаларына қатысты жемқорлықтың алдын алу жолдарын атап өтті.