Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Зайырлы қоғамдағы әйел рөлі» атты семинар жұмысы оздырылды. Семинарға аудандық мәслихат хатшысы, қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы Ш.Дүйсенғалиева, «Жайық дауысы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі Қ.Мұқанова, әйелдерге арналған дағдарыс орталығының директоры, Орал қалалық әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімделу орталығының заңгері М.Даулетярова, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі экспертқаржыгер Г.Сатыбалдина және аналар кеңесінің мүшелері, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері, ауыл әкімдері қатысты.

Аудандық мәслихат хатшысы, қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы Шынар Сайлауқызының сөзіне сүйенсек, Сырым ауданы бойынша мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыру бағытындағы жұмыстар жоспарға сай іске асуда. Аудан бойынша халық саны 19063 адам болса, оның ішінде әйелдер үлесі 50 % құрап, олар мемлекеттік басқару жүйесі, денсаулық сақтау, білім саласы, кәсіпкерлік салаларында еңбек етуде. Сонымен қатар аталған семинар барысында ҚР гендерлік теңдіктің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері, отбасылық зорлықзомбылықтан зардап шеккен әйелдермен дағдарыстық орталықтар жұмысының ерекшеліктері, БҚО әйелдеріне қатысты зорлықзомбылықтың алдын алу, әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы мәселелер қозғалды. Семинар барысында баяндама жасаған мамандар отбасында зорлықзомбылық көрген әйелдерге алдымен психолог, одан әрі заңгер мамандар көмектесетіндігін, арнайы дағдарыс орталықтарына бару мүмкіндігі жоқ әйелдерге арнайы телефон арқылы психологтар көмек қолдарын созатындығын баса атап өтсе, биылғы жылы ауданымыз бойынша отбасындағы зорықзомбылық фактісі тіркелмегендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» МК коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Сырым ауданының бөлім басшысы Ж.Бекболсынова Қазақстан Республикасының «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 10 жылдың ішінде 6 айдан қосыла отырып 58,6 жастан 63 жасқа дейін өзгертіліп отырғандығын ескертті. Өзгеріске сәйкес 1960 жылдың 1 жарты жылдығында дүниеге келген әйелдер 2018 жылдың 2 жартысында дүниеге келгендерге 1 жыл қосылатындықтан зейнеткерлік 59 жастан шығатындығын ескерулері керек. Семинар жұмысы барысында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры С.Иманғалиев пен аудандық аурухана меңгерушісі А.Серікбаева өз салалары бойынша баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді.