«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арнлаған» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірлердегі жаңа бизнес көздерін ашу мақсатында «Bastau Бизнес» жобасы кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын курстар өз жұмыстарын бастап кетті.

Бүгін Сырым ауданында аталған жобаның бірінші легі бойынша оқу жұмысын аяқтаған азаматтар арнайы сертификаттарын қолдарына алды. Аталған оқу курсына аудан бойынша 31 азамат ниет білдіріп, оның ішінде 27-сі бизнес-жобаларын қорғап шықты. «Bastau Бизнес» жобасы 30 күнге созылатын оқыту мерзімі 12 модульден құралады. Модульдер бизнесті енді бастап жатқан кәсіпкерлер үшін барынша пайдалы. Атап айтқанда, кәсіпкерлік психологиясы, бизнес жоспарлау, маркетинг, салық режимдері, өткізу нарықтары, құқықтық реттеуге қатысты барлық материалдар тәжірибелік тұрғыдан түсіндіріледі. «Bastau Бизнесті» үздік тәмамдап, өз бизнес-жобасын сәтті қорғағандар 18 млн. теңгеге дейін жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен оңтайлы қаржыландыру, бизнес ашқан соң 12 айға дейін жан-жақты қолдаудан басқа тағы бір артықшылығы бар. Ол қатысушылардың бизнес-жобасын қорғауға дайындау, психологиялық тұрғыдан қолдап, пысықтау көзделген. «Bastau Бизнес» жобасы туралы ақпаратты Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалынан алуға болады.