Үстіміздегі жылдың 08-11 маусым аралығында Ресей Федерациясының Оренбург облысы, Соль-Илецк қаласында«Балаларды қорғау» күніне арналған самбо күресінен XXVIII дәстүрлі турнир өтті. Сырым ауданынан жасақталған команда қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айта кететін болсақ, Аманқос Талғат (26кг) 1 орынға, Тургалиев Асылхан(28кг) 1 орынға, Ахметқайыров Айтқали (29 кг) 3 орынға, Гельманов Диас(54 кг) 3 орынды қанжығаларына байласа, үздік әдіс көрсеткені үшін Сағын Темірлан арнайы кубокпен және алғыс хатпен марапатталды. Жас самбошыларды дайындаған аудандық балалар- жасөспірім спорт мектебінің жаттықтырушысы Чукуров Ержан.