Өткен жолы хабарлағанымыздай, 10 сыныпты бітірушілерге арналған 5 күндік оқу – жаттығу жиынының жабылу салтанатына орай аудандық білім беру бөлімі мен «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жас арлан» атты әскери – спорттық сайысы оздырылды.

Аталған сайыс кезінде оқушылар 7 командаға бөлініп, автоматты бөлшектеп – жинақтау, пневматикалық мылтықпен ату, 100 м –ге дейінгі жүгіру сынды спорт түрлерінен сынға түсті.Сайыс қорытындысы бойынша командалық есепте жүлделі 3 орынды Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп, жүлделі 2 орынды М.Қаналиев атындағы орта м ектеп, жүлделі 1 орынды Жырақұдық орта мектебі командалары иемденді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлық пен алғыс хаттарды «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Болат пен аудандық білім беру бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Д.Кажиахметов табыс етті. Тағы бір айта кетерлігі, аталған шара барысында оқушыларға "Красный уровень" атты отандық фильм көрсетілді.