Бүгін Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымы мен бір топ белсенді сырымдық жастар "Менің өлкем!" атты тарихи танымдық экспедициясының жұмысы аясында Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық округінде болды. Олар бұл жерде Құныскерей үңгірі, Аққұм қорықшасы және Егіндікөл бұлағы сияқты орындармен танысты.

Кейінгі жылдары Сырым және Қаратөбе аудандарының жастары арасындағы мәдени әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Сырым аудандықжастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Досжан Тайшиевтің айтуынша, бүгінгі экспедиция да сол әріптестіктің арқасында мүмкін болып отыр екен. Әрі мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы да туған өлкеге қызмет қылу, кіші Отанды танып - білу, ауылдардың туризмдік тартымдылығын арттыру мәселелері айтылды. Сол жұмыстарды жастардың жаңашылдықпен жүзеге асырып жатқаны қуантады.

Бір күндік экспедиция сырымдық жастардың осыған дейін тұтас елге дарынды тұлғаларымен белгілі Қаратөбе ауданын енді ерекше табиғаты бар өңір есебінде ретінде тануға көмектесті.

Экспедицияның жұмысына Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамгүл Кенжеғалиева, Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Абат Зейнуллин және осы аудандағы жастар саясатының өкілдері қатысты